Төлемақы

Коммерциялық емес мекеме ретінде оқу ақысы мен сапаның үздік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқу ақысын қолжетімді болуын қалаймыз. Оқу ақысының көлемі жыл сайын мектептің құрылтайшысы тарапынан қарастырылып, жаңа оқу жылы басталмас бұрын ата-аналарға жарияланады.

 Оқу ақысы мөлшері төмендегідей белгіленген :

Сыныптар Төлемақы (теңгемен)
0-12 3,300,000


Төлемақыға төмендегілер кіреді:

  • оқу ақысы (тек күнделікті сабақтар ғана; қосымша сабақ пен сабақтан тыс іс-шаралар, т.б. оқу ақысына кірмейді); 
  • оқулықтар;
  • сыртқы Кембридж емтихандары (болған жағдайда).

 

Мектептегі ас

Мектептегі тамақ жергілікті кейтеринг фирмасы тарапынан қамтамасыз етіледі.  Сондықтан ата-аналар фирмамен жеке келісім шарт жасасу керек. Ата-аналар тамақ жайлы бүкіл сұрақтар мен ұсыныстарын фирманың мектеп ғимаратындағы өз кеңсесіне жолығып, мәселесін фирма өкіліне жөнелтуі мүмкін.

 

Жеңілдіктер

Мектебімізде бір жанұядан бірнеше баласы оқитын оқушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, оқу ақысын келісім шартта көрсетілген мерзімдерге дейін толықтай өтеген жағдайда, ата-анаға белгілі жеңілдік жасалынады.

 

Басқа ақпарат

Ата-ана жоғарыда көрсетілмеген кез-келген шығын түрлерін (мектеп формасы, тамақтану, көлік және саяхаттар , т.б.) төлеуге міндетті екендігін ескертеміз. Оқу ақысы төленбеген жағдайда ешқандай құжаттар (табель, транскрипт, анықтама, т.б.) берілмейді.