Бастауыш мектепте, яғни 0-5 сынып аралығында, негізгі пәндер болып табылатын ағылшын тілі, математика және жаратылыстану Кембридж бағдарламасы бойынша оқытылады. Бұл негізгі пәндерге қоса информатика, музыка, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндері де ағылшын тілінде оқытылады. Қазақ тілі пәні қазақстандық құрауыш аясында оқытылады. Сонымен қатар орыс немесе түрік тілдерін (2-ші сыныптан бастап), практикалық есептерді шығаруға бағытталған интеллектуалды ойындар пәнін және де көптеген сыныптан тыс үйірмелерін ұсынамыз.
Аталмыш оқу бағдарламасы сапалы білім стандартына сәйкес әзірленіп, сырттай бағаланатындықтан ата-аналардың балаларының үлгерімі жайлы алатын есептерге толықтай сенуіне негіз бар.
Кембридж екі түрлі қорытынды бағалауды ұсынады:
Кембридж бастауыш мектеп оқу бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемеге басыңыз.