Төменгі орта саты

Бұл бағдарлама Кембридждің жоғарғы мектеп оқшыларына арналған бірінші бағдарламасы. Төменгі орта саты бағдарламасы мектебіміздегі 6-8 сынып оқушылары үшін ұсынылады. Бұл бағдарламаның негізгі пәндері ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндері болып табылады. Бағдарлама аясында мұғалімдер пән мазмұнымен, бағдарламаны жоспарлау құжаттарымен, сондай-ақ сабақта қолданылатын материалдармен қамтамасыз етіледі. Аталмыш оқу бағдарламасы сапалы білім стандартына сәйкес әзірленіп, сырттай бағаланатындықтан ата-аналардың балаларының үлгерімі жайлы алатын есептерге толықтай сенуіне негіз бар. Сонымен қатар, бұл бағдарлама оқушыларды келесі Кембридж бағдарламасы болып табылатын «IGCSE» курсына дайындық негізінде қарастыруға да болады.

Бұл сатыда Кембридж екі түрлі қорытынды бағалауды ұсынады:

  • «Cambridge Lower Secondary Progression Tests» деп аталатын оқу жылы соңындағы емтихан
  • «Cambridge Lower Secondary Checkpoint» деген төменгі орта саты соңы (8-ші сыныптың соңында) емтиханы