Өзін-өзі басқару кеңесі

Мектебімізде  оқушылар көшбасшылығы оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Біз әр оқушының ресми не бейресми түрде көшбасшылық етуге әлеуеті бар екеніне сенеміз. Мұндағы мақсатымыз – оқушыларға этикалық және тиімді көшбасшылық етуді ұғындыру, сондай-ақ, келешекте өзіне сенімді көшбасшы болуға қажет қабілеттерін бағалап, оны ары қарай дамыту.

Кеңестің мақсаты мектеп қауымдастығының ортақ игілігі үшін  мектеп әкімшілігі, ұжымы мен ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау болып табылады.

Оқушылар кеңесінің қызметі:

  • Мектеп оқушыларының көзқарасын мектеп әкімшілігіне білдіру;
  • Мектеп ішінде тығыз қарым-қатынас орнатуды ынталандыру;
  • Оқушылардың үлгерімі мен дамуына үлес қосу;
  • Жаңа оқушылардың мектепке бейімделуіне жәрдемдесу;
  • Мектеп ережелерін жасауға көмектесу;
  • Мектептің спорттық-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға атсалысу;
  • Қайырымдылық мақсатты іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Басқа мектептердегі өзін-өзі басқару кеңестерімен әріптестік орнату.

Здесь пока записей нет...