Ата-аналарымыз мектептің қызметін жақсартуда негізгі рөл алатын мектеп қауымдастығының маңызды мүшелерінің бірі болып саналады. Мектеп өміріне бейжай қарамайтын белсенді ата-аналар мектепке алдына қойған мақсаттарды жетуде елеулі үлес қосады. Сол себептен, тамақ әзірлеу, сақтау және тарату орындарының санитарлық-гигиеналық және диеталық талаптарға сай екенін бақылау мақсатында әр оқу жылының басында мектебімізідң ата-аналары мен қызметкерлері тарапынан тұратын инициативтік топ құрылады. Осы топтағы жұмыс негізінде ата-аналар мектеп қауымдастығының белсенді мүшелері ретінде өз үлестерін қоса алады.