Оқушыларымыз алдарында қойылған оқу мақсаттарына жетулері үшін, сондай-ақ әлеуметтік және өмірге қажет басқа да қабілеттерін дамытулары үшін үнемі ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларымыздың өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағыттау – мектебіміздегі барлық мұғалімдеріміздің жұмысы.
Жеке кеңес беру жұмысы оқушыға арнайы жекеленген оқу, әлеуметтік немесе өз басына қатысты мәселені талқылау кезінде жүргізіледі.
Кіші топтардағы кеңес беру жұмысы оқушылардың қажеттіліктеріне сай алдағы кәсіп таңдау мәселесіне байланысты өткізіледі.
Жоғарғы орта және жоғарғы сатылардаға сыныпішілік жұмыс оқушылардың тұлға типтері, ЖОО-ға қабылдау шарттары, қонақ-лектор, т.б. тақырыптары төңірегінде өтеді.
Оқушылардың кәсіптік бағдар жоспарын жасау мақсатында оқушы жайлы мәлімет жинауды, қабілеттерін анықтауды, т.б. жұмысты жасағанда оқушының ұстаздары, ата-анасы, кей кездері сырттан жұмылдыратын мамандар бірігіп жасайды.