Оқушылардың мектептегі өмірі біздің тәрбие жұмысымызбен тығыз байланыста. Тәрбие жұмысымыз арқылы оқушыларымызды өздерін сыйлы, сенімді әрі қабілеттерін дамытуға икем екенін сезінуін қамтамасыз етеміз.
Тәрбие бағдарламамыз мектептің басшылық принциптері мен Ұлттық білім академиясының әзірлеген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» біріктіре отыра дербес әзірленді. Осы бағдарлама аясында оқушыларымыз әлеуметтік, адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар негізінде өздерін дамытады.
Жоғарғы мектепте тәрбие жұмысын іске асыратын негізгі тұлға сынып жетекші болып табылады. Оның жұмысы – оқушылармен күнделікті кездесіп, оларға басшылық етіп, қажетті қолдау көрсету. Тәрбие жұмысы тәрбие сағаттарын, түрлі сабақтан тыс іс-шараларды, оқушылардың үйлеріне бару, т.б. қамтиды. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы төңірегінде мектебімізде тәрбиені бағалау жүйесі іске асырылады. Осы жүйе негізінде оқушылардың мектептегі күнделікті тәртібі, мұғалімдермен, оқушылар арасы қарым-қатынастары реттеледі.