Мүшеліктер

​ҚР Үкіметі

«Galaxy» халықаралық мектебі мекемесі өз қызметін 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сай және 2014 жылғы 26 қыркүйек күні берілген №KZ11LAA000003204 мемлекеттік лицензиясы негізінде іске асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 121 қаулысымен мектепке арнайы мәртебе берілді. Осы мәртебе негізінде мектептің өз оқу бағдарламасын одан да тиімді іске асыру үшін бір шама мүмкіндіктері пайда болды.

 

 

«Білім Орда» халықаралық қоғамдық қоры

1997 жылы құрылған қор өз қарамағындағы білім беру мекемелерінің қызметін басқарады. Қордың мақсаты – қазіргі заманғы бәсекелестік ішінде өз ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, өз елінің дамуына елеулі үлес қоса алатын білімді әрі көптілді жастарды тәрбиелеу. Оқу-тәрбие үдерісін қолдаудан тыс, қор өзіне қарасты мекемелердің басқарылу сапасын қадағалап отырады.

 

 

 

CIS - Халықаралық Мектептер Кеңесі

Galaxy 2022 жылдың қыркүйегінде CIS мүшелігін алды. СIS мүшесі болу  CIS ұстанатын ортақ көзқарасқа адалдығын мойындайды. Олар -
оқушыларға білім, дағдыларды беруге ұмтылуб, жаһандық азаматтар ретінде өз өмірлерін жалғастыру және жоғары сапаға ұмтылу, білім беру және мектепті тұрақты жақсарту.

 

 

Британдық халықаралық мектептер кеңесінің (COBIS)

«Galaxy» мектебі 2016 жылдың желтоқсан айында «COBIS» мүшесі атанды. 30 жыл бұрын құрылған және өз құрамында 500-ден аса мекемесі бар «COBIS» ұйымының мақсаты – мүшесі болған мектептерді, соның ішінде құрылтайшыларын, басшыларын, оқушыларын қолдау мен оларға кеңес беру. Толық ақпаратты www.cobis.org.uk сайтынан алуға болады.

 

 

Кембридж халықаралық мектебі мәртебесі (Cambridge Assessment International Education)

Мектебіміз 2015 жылдың 27 қазанында Кембридж халықаралық мектебі атағына ие болды, яғни оқушыларына Кембридж халықаралық бағдарламалары мен емтихандарын ресми түрде ұсыну құқығына ие болды. Осы негізде оқушыларымыз «Cambridge Primary», «Cambridge Lower Secondary», «Cambridge Upper Secondary» (IGCSE) және «Cambridge Advanced» (AS/A Levels) сынды бағдарламаларға қол жеткізе алады.

«Cambridge Assessment International Education» бүкіл дүниежүінде 5-19 жас аралығындағы жастарға түрлі оқу бағдарламаларын ұсынатын ірі мекеме. Бұл мекеме танымал Кембридж университетіне қарасты бір бөлім болып табылады. Аталмыш оқу бағдарламалары дүниежүзіндегі 160-тан астам елде 10,000-ға жуық мектептерде қолданылады, сондай-ақ дүниежүзілік көшбасшы жоғары оқу орындарын тарапынан да сапалы білім көрсеткіші ретінде мақұлданған. Толық ақпаратты алу үшін www.cambridgeinternational.org сайтына барыңыз.

 

 

ЮНЕСКО

Сонымен қатар мектебіміз Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының мүшесі.  ЮНЕСКО Клубтары ЮНЕСКО-ның ұстанымдарына ортақтасатын және оларды Ұйымның бағдарламаларымен байланысты іс-шаралар арқылы жылжытуға атсалысатын  барлық жас, әлеуметтік-кәсіби санат тұлғаларының бірлестігі болып табылады.