Жоғарғы орта сатыда біз 14-16 жастағы оқушыларға арналған халықаралық жалпы орта білім беру сертификаты («IGCSE») атты екі жылдық оқу бағдарламасын іске асырамыз. «IGCSE» бағдарламасы мектебіміздің 9-10 сыныптарында оқытылады.
«IGCSE» бағдарламасы дүниежүзінде оқушылардың төмендегідей оқу қабілеттерін қалыптастырып жетілдіретінімен танымал:
«IGCSE» дүниежүзінде жоғары мәртебеге ие болған бағдарлама болып табылады, сондай-ақ әлемдегі білім саласында болып жатқан өзгерістер мен трендтерді ескере отырады. Емтихан тапсырмалары курстық жұмыс, тестілеу мен ауызша сұрақтардан тұруы мүмкін. Бес «IGCSE» пәндерінен алған баға «C» бағасынан жоғары болған жағдайда, оқушы жоғары оқу орындарына түсу үшін оқытылатын жоғары деңгейлі халықаралық «AS пен A Level» немесе «IB Diploma» бағдарламаларын оқуға дайын екенін көрсетеді.
Осы екі жылдық бағдарламаның соңында, яғни оқушыларымыз 10-шы сыныпты тәмамдаған кезде, олар ең кемінде бес пәннен құрылған «IGCSE» емтихандарын жазады.