Халықаралық «A Level» бағдарламасы Кембридж бағдарламалары арасында «алтын стандарт» деңгейіне ие бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама Еуропа елдері мен дүниежүзінің басқа да жоғары оқу орындарында қабылдау емтиханы ретінде қабылданады. «A Level» бағдарламасы бейінді оқыту негізінде оқытылады. Оқушылар әдетте үш бейіндік пән таңдап, екі жыл бойы осы пәндерді терең меңгереді. Мектебімізде бұл бағдарлама 11-12 сыныптарда оқытылады.
«A Level» бағдарламасы аясында пәндік мазмұн екі бөлімге бөлінген: оқытудың бірінші жылында меңгерілетін мазмұн «AS Level» деп аталады, ал екінші жылы «A2 Level» деп аталатын бағдарламаның қалған бөлімі оқытылады. Әр жылдың соңында оқушының пән мазмұнын қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында арнайы емтихандар өтеді.
«A Level» емтихандарында оқушы «A* – E» аралығында жалпы алты баға ала алады. «A Level» емтихандарында алынған жақсы бағалар дүниежүзіндегі алдағы қатардағы ағылшын тілінде білім беретін ЖОО-ға түсуге негіз болады.
11-12 сыныптарда оқушылар ағылшын тілі, математика, дене тәрбиесі және бірнеше қазақстандық құрауыш пәндері сынды міндетті пәндерді оқиды. Бұлардан тыс, оқушыларымыз «A Level» бағдарламасы пәндері арасынан үш бейіндік пән таңдауы қажет.