«Galaxy» халықаралық мектебінде оқушылардың оқу үлгерімі «EduPage» жүйесі арқылы қадағаланады, сондай-ақ бұл жүйені мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар galaxyis.edupage.org интернеттегі сілтемесі арқылы бірдей қолдана алады.
Мектеп әкімшілігі тарапынан белгіленген бағалау жүйесі емтихан, үй жұмысы, сынып жұмысы және практикалық жұмысты қамтитын құрамдас бөліктерден тұрады. Бүкіл осы құрамдас бөліктер сынып және пәндерге қарай түрлі коэффициенттерге ие. Әр құрамдас бөлік үшін оқушыларға ең жоғарғы болып саналатын 100 ұпайдан белгілі бір ұпай беріледі. Мұғалімдер әр құрамдас бөлікке саны шектеусіз баға бере алады.