Мектеппен байланысу және ақпарат алу: Осы кезеңде талапкерлер немесе олардың ата-аналары/қамқоршылары мектеп жөнінде ақпарат алу үшін мектеппен ресми немесе бейресми түрде электрондық хат, телефон немесе мектепке келу арқылы байланысады. Қабылдау комиссиясы немесе мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің бірі мектеп бағдарламалары, қабылдау шарттары, күнделікті сабақ уақыты, оқу ақысы, сыныптағы бос орындар саны сияқты мектеп жөніндегі жалпы ақпаратты береді.
Қабылдау емтиханы: Тіркелген үміткерлер CAT4 (когнитивтік қабілеттер сынағы) қабылдау емтиханын тапсырады және директордың академиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарымен сұхбат өткізеді.
Қабылдау комиссиясы: Мектеп директоры аталмыш ережелерге сәйкес комиссия құрайды. Бұл комиссия мектепке қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім қабылдағанда талапкерлердің емтихандағы нәтижелерін, жасын, басым мәртебесін, алдыңғы мектептегі жетістіктерін, сыныптағы бос орын санын және басқа да талаптарды қарастырады. Содан кейін шешім жарияланады.
Қабылдау құжаттары: Мектеп тарапынан бастапқыда белгіленген және ата-аналарға/қамқоршыларға жарияланған оқу ақысының қажетті мөлшері төленгеннен кейін, талапкер белгіленген тәртіпке сәйкес қабылдауға қажет болатын барлық құжаттарды тапсырады.
Бұйрық: Мектеп талапкерді мектепке қабылдау жөнінде бұйрық шығарады. Талапкер аталмыш бұйрыққа сәйкес ресми түрде мектепке қабылданған болып есептеледі.
Понадобится только ваше имя и номер телефона.
Спасибо, ваша заявка принята, . В ближайшее время мы свяжемся с вами.