Мақсаты
Біздің мақсатымыз өмір бойы үйренуге құштарлығы бар жан-жақты әрі жаһандық көзқарасты азамат тәрбиелеу болып табылады.
Ұранымыз
«Жақсырақ әлем жолындағы білім беру»
Құндылықтарымыз
«Galaxy» халықаралық мектебі қоғамдастық ортада төменде көрсетілген құндылықтарға аса көңіл бөледі. Бұл құндылықтар адамгершілік пен теңдік, әділдік пен шыншылдық, мәдениеттілік пен адалдық сияқты қасиеттерден құралады. Осы құндылықтар көптеген мәдени ортаға тән.
Философиясы
«Galaxy» халықаралық мектебі түрлі мәдени ортадан шыққан оқушыларымыздың білім алуына байланысты қажеттіліктерін қамтамасыз етуді көздейді. Біз оқушылардың академиялық пен әлеуметтік қабілеттерін шыңдауды көздейміз. Оқушыларымыздың айналадағы ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ұмтыламыз.
Оқу бағдарламамыздың мақсаты – мықты академикалық іргені қалау мен тәуелсіз ойлау қабілеті, мінез-құлықты дамыту және эмоционалды тұрақтылыққа сүйеніп, оқушыларымызды белсенді шәкірт болуға жетелейтін психологиялық қолдау арасындағы теңдікті ұстап тұру.
Жаһанды көзқарасты азамат болу үшін оқушыларымыз мәдениетаралық түсіністік, толеранттылық пен сыйластық секілді ұғымдарды қолдап, қабылдауы тиіс. Сондай-ақ, түрлі мәдени ортаның өкілдері ретінде бірлік, жолдастық пен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз.