Ата-ананың мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қатысуы оқушының білім алуына айтарлықтай оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Ата-ана мен мектеп серіктестігі оқушының мектеп өміріне, оқу үлгеріміне орасан зор септігін тигізеді.
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы оқушыларымыздың жетістікке жетуінің негізі екенін жақсы түсіне отыра, олардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін ата-ана мен мектеп серіктестігі аясында жауапкершілікті тең бөлісіп, жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындайтынымызға сенімдіміз. Ата-аналарымызбен үйлеріне бару арқылы тығыз қарым-қатынас орната алатын мектеп болғанымызбен мақтан етеміз. Сонымен қатар, ата-аналарымызды мектептің ұйымдастыруымен өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.