«Galaxy» халықаралық мектебі жеке меншік, мемлекеттік емес мекеме болып табылады. Мектебіміз Қазақстанның ірі қалаларында түрлі білім ордалары жұмысын басқарып отырған «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты болып табылады.
«Білім Орда» қоры жоғарғы басқару органы ретінде мектептің қамқоршы кеңес құрамын бекітеді, ал қамқоршы кеңес өз кезегінде мектептің түрлі бағыттар бойынша қызметін жақсарту мақсатында жәрдемдесіп, кеңес береді.
Мектеп директоры мектептің ағымдағы қызметіне басшылық етіп, құрылтайшының және қамқоршы кеңес шешімінің негізінде және оны орындау мақсатында қызмет етеді және олардың алдында жауап береді. Директор міндеттерінің үйлестірілуіне сәйкес мектептің түрлі жұмыс бағыттарына басшылық ететін орынбасарларды тағайындайды.