Мектеп формасын кию мақтаныш нышаны, мектептің бірегей ерекшелігі және оқушы болудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мектеп формасын кию оқушыларды мектепте өзін қауіпсіз сезінуіне, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздіктің алдын алады деп сенеміз. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, мектепте форма кию төмендегі оң нәтижелерге себеп болады:
- Сабақты босату мен кешігу азаяды
- Тәртіпке байланысты қиындықтар азаяды
- Мектептен шығару оқиғалары азаяды
- Оқу үлгерімі жақсарады
Мектептің форма үлгісіне төмендегілер кіреді:
- бастауыш сыныптарда оқитын қыз оқушылар (1-5 сыныптар): жакет, белдемше, жилет, блузка, бант;
- бастауыш сыныптарда оқитын ер оқушылар (1-5 сыныптар): пенжек, жилет, шалбар, көйлек, галстук;
- жоғарғы сыныптарда оқитын қыз оқушылар (6-12 сыныптар): жакет, жилет, шалбар, блузка, бант;
- жоғарғы сыныптарда оқитын ер оқушылар (6-12 сыныптар): пенжек, жилет, шалбар, көйлек, галстук.