Жалпы ережелер

Талап білдірген оқушылар арасында мектеп өз бағдарламасынан елеулі пайда табатындарды қабылдайды. Мектеп бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, талапкер-оқушыларды оқуға қабылдамас бұрын және қабылдағаннан кейін, сәтті оқу ортасын сақтау үшін оларды ықыласпен бақылап отырады. Ұсынылған бағдарламалар оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы үшін «Galaxy» халықаралық мектебі бар күшін салады.

Бұл ереже талапкерлердің жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне немесе тіліне байланысты кез-келген кемсітушілікке қарсы.

Оқуға қабылдау барысында талапкерлердің денсаулық жағдайы да ескеріледі. Келесі медициналық қарсы көрсетілімдер оқуға қабылдамаудың себебі бола алады:

  • баланың психикалық дамуындағы ауытқушылықтар;
  • жүйке жүйесінің ауытқуымен байланысты аурулар;
  • материалды меңгеруге және жоғары оқу жүктемесін орындауға қиындық туғызатын әртүрлі созылмалы аурулар немесе физикалық кемістіктер;
  • жұқпалы аурулар.