«Galaxy» мектебінде біз оқушы үлгерімінің бағалануын оқу үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде көреміз. Бағалау жүйесі оқушыларды ізденіске, оқуға және үйренуге ынталадыру керек екендігін түсінеміз.
Оқушылардың оқу үлгерімі «EduPage» жүйесі арқылы қадағаланады, сондай-ақ бұл жүйені мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар https://galaxyis.edupage.org/ интернеттегі сілтемесі арқылы бірдей қолдана алады. Мектеп әкімшілігі тарапынан белгіленген бағалау жүйесі емтихан, үй жұмысы, сынып жұмысы және практикалық жұмысты қамтитын құрамдас бөліктерден тұрады. Бүкіл осы құрамдас бөліктер сынып және пәндерге қарай түрлі коэффициенттерге ие. Әр құрамдас бөлік үшін оқушыларға ең жоғарғы болып саналатын 100 ұпайдан белгілі бір ұпай беріледі. Практикалық жұмыстар пәннен пәнге ауысуы мүмкін, бірақ оқушыларға көбінесе жоба дайындау, жеке немесе топтағы жұмыстар, шығармашылық жұмыстар беріледі.