Тамақтану

Түскі ас уақыты тамақтану және демалыс болып есептелінеді. Мектеп оқу күндері оқушыларға таңғы, түскі, түстен кейінгі астарды ұсына алады. Балаларға ыстық, пайдалы, теңдессіз тамақтар жасалынады. Тағамдар мектеп ғимаратында орналасқан асханада дайындалады. Барлық тағам түрлері диетологтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стандартын сақтай отырып дайындалынады. Апталық ас мәзірі ата-ананың сұрауы бойынша берілуі мүмкін.

Мектептегі тамақ жергілікті кейтеринг фирмасы тарапынан қамтамасыз етіледі.  Сондықтан ата-аналар фирмамен жеке келісім шарт жасасу керек. Ата-аналар тамақ жайлы бүкіл сұрақтар мен ұсыныстарын фирманың мектеп ғимаратындағы өз кеңсесіне жолығып, мәселесін фирма өкіліне жөнелтуі мүмкін.