Жиі қойылатын сауалдар

  • Мектеп қандай оқу бағдарламасын ұсынады?

Оқу бағдарламасы отандық оқу мазмұны мен Кембридж халықаралық оқу бағдарламасын қамтиды. Бағдарлама 0-12 сыныптар аралығындағы кезеңдерді қамтиды.

 

  • Оқыту тілі қандай?

Біз халықаралық мектеп болғандықтан бізде түрлі шет мемлекеттерден келген тілдері әртүрлі оқушылар білім алады. Сондықтан, ағылшын тілі барлық оқушылардың ортақ қарым-қатынас тілі болып табылады.
 

  • Мектепте қанша оқушы білім алады?

Қазіргі таңда мектебімізде 400 шамасында оқушы бар.

 

  • Мектепте сабақ қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталады?

Сабақ 8.40-да басталып, 16.10-та аяқталады.

 

  • Мектеп автобуспен тасымалдау қызметін ұсынады ма?

Жоқ, мектебіміз автобуспен тасымалдау қызметін ұсынбайды. Бірақ ата-аналарымыз жеке тасымалдау жасайтын фирмалар қызметін қолдана алады.

 

  • Мектеп оқу ақысына не кіреді?

Оқу ақысына төмендегілер кіреді:

  1. оқу ақысы (тек күнделікті сабақтар ғана; қосымша сабақ пен сабақтан тыс іс-шаралар, т.б. оқу ақысына кірмейді); 
  2. оқулықтар;
  3. сыртқы Кембридж емтихандары (IGCSE мен Checkpoint).


 

  • Мектеп түскі ас ұсынады ма?

Мектептегі тамақ жергілікті кейтеринг фирмасы тарапынан қамтамасыз етіледі.  Сондықтан ата-аналар фирмамен жеке келісім шарт жасасу керек.

 

  • Сыныпта ең көп қанша оқушы оқи алады?

Сыныптағы оқушы саны әртүрлі бірақ 24 оқушыдан аспайды.

 

  • Мектеп оқу жылы барысында оқушы қабылдайды ма?

Біз оқушыларды кез-келген уақытта қабылдай береміз. Бірақ кей кезде кейбір сыныптарымызда орын болмауы мүмкін. admissions@galaxy.edu.kz адресіне хат жазып, қабылдауға байланысты барлық сауалдарыңызды жолдай аласыз.

 

  • Мектеп арнайы мұқтаждары бар оқушыларға көмек ұсынады ма?

Талап білдірген оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің ұсынылған бағдарламаларға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Оқуға қабылдау барысында талапкерлердің денсаулық жағдайы да ескеріледі. Келесі медициналық қарсы көрсетілімдер оқуға қабылдамаудың себебі бола алады:

  • баланың психикалық дамуындағы ауытқушылықтар;
  • жүйке жүйесінің ауытқуымен байланысты аурулар;
  • материалды меңгеруге және жоғары оқу жүктемесін орындауға қиындық туғызатын әртүрлі созылмалы аурулар немесе физикалық кемістіктер;
  • жұқпалы аурулар.

 

  • Мектеп формасын кию міндетті ме?

Мектеп формасын кию мақтаныш нышаны, мектептің бірегей ерекшелігі және оқушы болудың ажырамас бөлігі болып табылады. «Galaxy» халықарлық мектебінің оқушылары мектеп мақсатына сай ұқыпты киінуі қажет. Оқушының сабақ оқуына кедергі келтірмейтін, денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіздік талаптарына жауап бере алатын, жалпы стандартқа сай киімдерді киюі қажет.  Сол себептен барлық оқушылар мектеп формасын киюге міндетті.

 

  • Мектеп сабақтан тыс іс-шаралар ұсынады ма?

Мектебімізде сабақтан тыс іс-шараларға қатысу оқушылардың дамуы үшін өте маңызды болып табылады. Сондықтан да мектебіміз оқушылардың түрлі мұқтаждықтарына қарай әр түрлі үйірмелер ұсынылады. Үйірмелерге қатысу міндетті емес, бірақ оқушы осылардың біреуіне қатысқаны жөн. 

 

Егер сізді қызықтырған сауалдың жауабын таба алмаған болсаңыз, онда admissions@galaxy.edu.kz поштасына хат жазып, сауалыңызды жолдауыңызды өтінеміз.