Оқушылардың үйлеріне бару мақсатымыз – ата-ана мен мектеп арасындағы ресми қатынаспен ғана шектелмей, бірегей серіктес ретінде жұмыла жұмыс жасап, оқушының мақсат-армандарының орындалуына септік тигізу.
Әр оқу жылының басында ата-аналарымызға үйге барудың пайдасы мен өз тәжірибемізді түсіндіріп, ата-аналарымыздың бос уақытын есепке ала отырып, үйіне бару үшін ыңғайлы уақытты белгілейміз.
Оқушылардың көбі мұғалімдердің үйлеріне келгенін ұнатады. Мұғалімдер оқушының үйіне барған кезде, оқушы өзін маңызды бір тұлға ретінде сезінеді және жанұясы алдында мақтан тұтады. Үйге барудың басқа артықшылығы – мұғалімге оқушымен жұмыс жасау үшін маңызды мәлімет алуына жол ашады.