Жоғарғы мектепте біз оқушыны жан-жақты оқыту керектігіне сенеміз. Басшылық принциптерімізде айтылған жоғары академиялық жетістікке жету үшін оқушыларымыздың түрлі оқу қажеттіліктерін ескеруіміз керек. Осыны ескере отыра мектепте оқушылардың жан-жақты дамуы мен әр түрлі оқу мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында бірнеше қызмет түрлерін қамтитын қосымша қолдау ұсынылады. Бұл қолдаудың негізінде оқушылардың өз-өзін түсінуін, сенімділіктің артуын және өз бетімен үйренуін қалыптасытру жатыр.
Бұл қолдау төмендегі мамандарымыз тарапынан жүргізіледі:
Мектеп психологы жеке немесе кіші топтар ішіндегі жиналыстар арқылы оқушылармен әңгімелеседі. Кей кездері модераторлық рөл атқарып, сынып жетекшіге керек кеңес пен қолдау көрсетеді.
Ағылшын тілін дамыту мұғалімінің қызметі ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен оқушылармызға жеке қоолдау жасап, негізгі топқа көшуіне ықпал ету болып табылады.
Әр сыныптың өз сынып жетекшісі болады. Бұл жетекшісінің міндеттері – оқушыларды түгендеу, хабарландыру жасау, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, мектептің тәрюие бағдарламасын жүргізу, т.б.
Жоғарғы мектептегі сыныптан тыс іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың негізгі пәндер бойынша қосымша сабақ беру мен дарынды оқушылармен жұмыс жасау. Осы мақсаттарға сай арнайы жоспар жасалынып, оқушы топтары құрылады.