«Galaxy» халықаралық мектебі

Cambridge халықаралық білім беру бағдарламалары

Мектеп мүшеліктері

ҚР Үкіметі

«Galaxy» халықаралық мектебі» мекемесі 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, 2014 жылғы 26 қыркүйекте берілген №KZ11LAA000003204 мемлекеттік лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 наурыздағы №121 қаулысына сәйкес мектепке ерекше мәртебе берілді. Бұл мәртебе мектептің білім беру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруына қосымша мүмкіндіктер береді.

«Білім Орда» қоры

1997 жылы құрылған «Білім Орда» қоры Қазақстан Республикасындағы өзіне қарасты білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді. Қордың миссиясы – ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, көптілді және елдің дамуына үлес қоса алатын жас ұрпақты тәрбиелеу. Оқу-тәрбие үдерісін қолдаумен қатар, қор білім беру ұйымдарын басқарудың тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізеді.

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS)

Galaxy мектебі 2022 жылдың қыркүйек айында CIS ұйымының мүшесі атанды. CIS мүшесі ретінде мектеп барлық оқушылардың әлем азаматы ретінде өмір сүруге қажетті білімді, дағдыларды және құндылықтарды меңгеруіне, сондай-ақ жоғары сапалы білім беру мен мектепті үздіксіз жетілдіруге бағытталған ортақ ұстанымдарды қолдайды.

COBIS

«Galaxy» мектебі 2016 жылдың желтоқсан айында «COBIS» мүшесі атанды. 30 жыл бұрын құрылған және өз құрамында 500-ден аса мекемесі бар «COBIS» ұйымының мақсаты – мүшесі болған мектептерді, соның ішінде құрылтайшыларын, басшыларын, оқушыларын қолдау мен оларға кеңес беру. Толық ақпаратты www.cobis.org.uk сайтынан алуға болады.

Cambridge International мәртебесі

Мектебіміз 2015 жылдың 27 қазанында Кембридж халықаралық мектебі атағына ие болды, яғни оқушыларына Кембридж халықаралық бағдарламалары мен емтихандарын ресми түрде ұсыну құқығына ие болды. Осы негізде оқушыларымыз «Cambridge Primary», «Cambridge Lower Secondary», «Cambridge Upper Secondary» (IGCSE) және «Cambridge Advanced» (AS/A Levels) сынды бағдарламаларға қол жеткізе алады.

«Cambridge Assessment International Education» бүкіл дүниежүінде 5-19 жас аралығындағы жастарға түрлі оқу бағдарламаларын ұсынатын ірі мекеме. Бұл мекеме танымал Кембридж университетіне қарасты бір бөлім болып табылады. Аталмыш оқу бағдарламалары дүниежүзіндегі 160-тан астам елде 10,000-ға жуық мектептерде қолданылады, сондай-ақ дүниежүзілік көшбасшы жоғары оқу орындарын тарапынан да сапалы білім көрсеткіші ретінде мақұлданған. Толық ақпаратты алу үшін www.cambridgeinternational.org сайтына барыңыз.

ЮНЕСКО

Біздің мектеп сондай-ақ Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтары федерациясының мүшесі болып табылады. Федерацияның миссиясы – ЮНЕСКО идеалдарын, ең алдымен бейбітшілік пен төзімділік қағидаттарын, сондай-ақ бейбітшілік идеяларын таратудағы жауапкершілік сезімін насихаттау.

banner

Көмек керек пе?

Өтінімді толтырыңыз, сізбен жақын арада байланысамыз.
Біз сізге әрдайым дұрыс шешім табуға және көмектесуге дайынбыз.

Өтінім беру

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласып, қабылдау туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

«Жіберу» батырмасын басу арқылы сіз құпиялылық саясатына келісесіз.