Мектеп директорының алғы сөзі
Құрметті оқушылар, ата-аналар және Galaxy International School қауымдастығы!
Galaxy International School мектебінің директоры ретінде сіздерге өзімнің ыстық ықыласымды білдіремін. Мен үшін білім беру — тек білім мен академиялық жетістікке жетелейтін үдеріс емес, баланың тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатын маңызды орта.
Білім беру саласындағы 26 жылдық кәсіби жолым Қазақстанның жеті өңірімен байланысты. Осы жылдар ішінде жинақтаған тәжірибемді енді Galaxy International School мектебінің дамуына арнап, қалыптасқан жетістіктерімізді жаңа белестерге көтеруді мақсат етіп отырмын.
Біздің басты құндылығымыз — әр бала. Сондықтан мектепте әр оқушы өзін еркін әрі сенімді сезініп, өз қабілетін ашуға, жаңа нәрсеге ұмтылуға және өз мүмкіндігін толық жүзеге асыруға жағдай жасалуы керек деп сенемін. Біз үшін сапалы біліммен қатар, жауапкершілігі мол, мақсатына ұмтылатын, өзіне және өзгеге құрметпен қарайтын тұлға тәрбиелеу де маңызды.Бұл мақсатқа жету үшін мектеп пен ата-ананың өзара сенімі мен тығыз ынтымақтастығы қажет. Біз әр отбасының пікірін тыңдауға, ашық диалог орнатуға және баланың дамуына бірге үлес қосуға дайынбыз.
Galaxy International School — әр бала білім алып қана қоймай, өзін танып, дамып, өз болашағына сеніммен қадам басатын орта болуы тиіс. Алдымызда жаңа мүмкіндіктер мен жаңа мақсаттар бар. Осы жолды бірге жүріп, балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етеміз деп сенемін.
Көмек керек пе?
Өтінімді толтырыңыз, сізбен жақын арада байланысамыз.
Біз сізге әрдайым дұрыс шешім табуға және көмектесуге дайынбыз.