«Galaxy» халықаралық мектебі

Cambridge халықаралық білім беру бағдарламалары

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап

Мектеп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Cambridge International білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес әзірленген кіріктірілген оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. Бағдарлама 0–12 сынып оқушыларына арналған.

Халықаралық мектеп ретінде біз әртүрлі елдерден және түрлі тілдік ортадан келген оқушылармен жұмыс істейміз. Сондықтан ағылшын тілі оқу үдерісінің негізгі тілі әрі барлық оқушылар арасындағы ортақ қарым-қатынас тілі болып табылады.

Қазіргі уақытта мектепте шамамен 400 оқушы білім алады.

Оқу күні сағат 08:40-та басталып, 16:10-да аяқталады.

Жоқ, мектеп тасымалдау қызметін ұсынбайды. Ата-аналар жеке көлік компанияларының қызметін пайдалана алады.

Оқу ақысына мыналар кіреді:

  1. негізгі оқу сабақтары (қосымша үйірмелер мен іс-шаралардан басқа);
  2. оқулықтар;
  3. Cambridge халықаралық емтихандары (IGCSE және Checkpoint).

Мектептегі тамақтануды жергілікті кейтеринг компаниясы қамтамасыз етеді. Ата-аналар осы компаниямен жеке келісімшарт жасайды.

Сыныптағы оқушылар саны әр сыныпқа байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ 24 оқушыдан аспайды.

Біз оқушыларды жыл бойы қабылдаймыз. Алайда кейбір сыныптарда бос орын болмауы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін admissions@galaxy.edu.kz электрондық поштасы немесе +7 727 243 77 80 телефоны арқылы қабылдау бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Мектеп әр баланың қажеттіліктері мен білім беру бағдарламасының сәйкестігін қамтамасыз етуге барынша күш салады. Қабылдау кезінде оқушының денсаулық жағдайы да ескеріледі. Төмендегі медициналық көрсеткіштер қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін:

  • психикалық даму ерекшеліктері;
  • жүйке жүйесі аурулары;
  • оқу бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіретін созылмалы аурулар;
  • жұқпалы аурулар. 

Мектеп формасы – мектептің айрықша белгісі әрі оған деген мақтаныштың көрінісі. Ол мектептің білім беру миссиясына сай келуі, оқу үдерісіне кедергі келтірмеуі, денсаулық пен қауіпсіздік талаптарына және жалпы әдеп нормаларына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан мектеп формасы барлық оқушылар үшін міндетті.

Біз оқушылардың жан-жақты дамуы үшін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор деп есептейміз. Сондықтан мектеп әртүрлі үйірмелер мен қосымша сабақтарды ұсынады. Оларға қатысу міндетті емес, бірақ біз барлық оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз.

banner

Көмек керек пе?

Өтінімді толтырыңыз, сізбен жақын арада байланысамыз.
Біз сізге әрдайым дұрыс шешім табуға және көмектесуге дайынбыз.

Өтінім беру

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласып, қабылдау туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

«Жіберу» батырмасын басу арқылы сіз құпиялылық саясатына келісесіз.