Edupage

Оқушылардың жалпы мектепішілік үлгерімі мен жетістігін есепке алу, талдау және ата-аналар мен мұғалімдерге білдіру мақсатында мектеп «EduPage» онлайн мектеп жүйесін пайдаланады. Осы жүйе арқылы оқушылар мен ата-аналар жеке қолданушы есептері арқылы уақтылы, толық және түсінікті ақпарат ала алады. «EduPage» жүйесі арқылы мектеп оқушылардың сабаққа қатысуын, оларды бағалауды, үй тапсырмасын беруді, сабақ кестесін жасауды іске асырады. Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер аталмыш ақпаратқа бірден телефон немесе планшеттерге орнатылған мобильдік қосымша арқылы не болмаса жеке компьютерлері арқылы интернетке кіргенде қол жеткізе алады.

«EduPage» жүйесіне кіру үшін galaxyis.edupage.org парақшасына барыңыз.